Түркістан
EN

ОСК: Алдын - ала қорытынды

97
19.03.2023

Таңнан басталған қарбалас аяқталып, сайлауда 6 млн 521 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Сайлаушылардың келуі бойынша Қызылорда облысы 67,21 пайызбен көш бастады. Одан кейін 65,10 процентпен Қостанай мен Жамбыл облыстары, 65,21% пайызбен Солтүстік Қазақстан облысы,  Шығыс Қазақстан облысы тұр. Түркістан облысында сайлаушылардың 53,01 пайызы өз таңдауын жасаған. Ал, ең төмен белсенділік Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік астанада саяси науқанға қатысушылар әзірге  25,82 %.