Түркістан
EN

Шымкентте тараған сайлау учаскесінің хаттамалық қорытындысы туралы ақпарат жалған

120
19.03.2023

Шымкентте сайлау учаскесінің хаттамалық қорытындысы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев айтты.  Кешегі күні Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру қорытындысы туралы хаттаманың алдын ала дайындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті, әлеуметтік желіде қай депутаттың қанша дауыс алғаны туралы тараған мәліметтің  жалған екендігін айтқан. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев видеоүндеу жасады.