Түркістан
EN

Республикада 485 дала өрті тіркелді

94
30.07.2021

Соңғы төрт айдың өзінде елімізде 485 орман өрті тіркелген. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, 3 кісіні күйік шалған. Жанып кеткен орманды алқаптардың жалпы көлемі 132 гектарға жуық. Орман өрттерінің басым бөлігі найзағай түсу салдарынан, ал қалғаны тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан болған. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2 589 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Орман мен далалы жерлердегі тілсіз жаудың алдын алу мақсатында 4 мың елді-мекеннің жанындағы құрғақ өсімдіктер мен жылдам тұтануы мүмкін қоқыстар тазартылған.