Түркістан
EN

Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді

119
19.03.2023

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлаудың Мемлекет басшысы бастаған саяси реформалар аясындағы маңызды кезең екенін баса айтты. Соның айғағы болар, бір мандатты округтер бойынша үміткерлер саны рекордтық деңгейге жеткен. Халықтың азаматтық белсенділігін жоғары бағалаған Мәулен Әшімбаевтың өзі де Елордадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ сенат төрағасы еліміздің одан әрі дамуы үшін саяси әрі сындарлы оппозиция қажет екенін айтты. Ал парламентке кім келеді? Оны халық шешеді. Ал билік ол үшін жағдай жасайды. Сондықтан "біздің азаматтар шешім қабылдауға өз үлесін қосуы керек" деді Мәулен Әшібаев.