Астанадағы ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып, Премьер министрі Әлихан Смайылов келіп, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесінде 2744 сайлаушы тіркелген. Одан кейін Әлихан Смайылов қазіргі Министрлер кабинеті отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл шешім Ата заңымыздың 70-ші бабына сәйкес қабылданды.