Түркістан
EN

Биыл нан қымбаттауы мүмкін

133
30.07.2021

Биыл елімізде нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстанның егіншілер Одағы жасады. Оған басты себеп қуаңшылық.  Мамандардың айтуынша, биыл елде бидай түсімі азайған. Орташа есеппен гектарынан 8 центнерге жуық өнім алынады. Маусым айындағы жауын-шашын да жағдайды өзгерте алмапты. Жоспар бойынша, биыл Ресейден астықтың 2 млн тоннасы сатып алынбақ. Қуаңшылық Қазақстанды ғана емес, Орта Азия елдеріне де әсер еткен. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың азаймайтынын білдіреді дейді сарапшылар. Дегенмен мемлекет тарапынан нан өнімдерінің белгілі бір түрінің бағасы бақылауға алынған.