Түркістан
EN

Президент өз таңдауын жасады

73
19.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға барды. Президент Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде көпшілікпен бірге дауыс берді. Бұл учаскеде 2861 сайлаушы тіркелген. 13 бақылаушы мен сенімді өкіл қадағалауда.