Мектеп салып, мемлекеттен жылына 92 млн.теңге алуға болады. Ал, студенттерге жатақхана салған кәсіпкерлерге жылына 67 млн.теңге қаражат беріледі. Түркістан облысында 42 мыңға жуық оқушыға мектеп қажет болса, 6 мыңнан аса студентке жатақхана керек. Мемлекет оқу ордаларының санын арттыру үшін жеке инвесторлардан көмек сұрайды. "Мектеп саламын, студенттерге жатын орын дайындаймын", - деген кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге де дайын.