Түркістан қаласы тағы бір туристік ғимаратпен толығады. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды іргетасы қаланып жатқан апарт-отельдің құрылыс жоспарымен танысты. Қонақ үй кешенінің құны 1,71 млрд. теңгені құрайды. Төрт қабатты ғимаратта бір бөлмелі – 66, екі бөлмелі 9 орынжай бар. Апарт-отель жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланып отыр. Жалпы Түркістан облысында жыл сайын қонақүйлер саны артып келеді. Облыста 225 орналастыру орындары: қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді.