Түркістан
EN

Биыл күзде Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммиті өтеді

60
16.03.2023

Биыл қазан айында киелі Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммиті өтеді. Сондай-ақ сол кезде ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде осылай деді. Сондай-ақ Президент Түркия басшысымен екі жақты кездесу өткізді. Қазақ басшысы әуелі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты. Президент қауіп-қатерге қашан да дайын болу керек екенін атап өтіп, төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Тараптар сауда-экономикалық әріптестік жайын да талқылады. Жыл соңына дейін екі жақты тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу жоспарда бар.