Түркістанда бүгіннен бастап туристік маусым ашылды. Қазірдің өзінде күн райының жылынуына байланысты шетелден және басқа да қалалардан келушілер көп. Ал мамандар алдағы 2 жылда құны 41,7 млрд теңге болатын 18 инвестициялық туристік жоба іске асырылмақ дейді. Оның 15-і биыл жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.