Түркістан
EN

Түркістанда ұлттық киімдерді кию челленджі басталды

300
15.03.2023

Түркістан облысында Наурыз мерекесі елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін мемлекеттік қызметкерлер ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында челлендж ұйымдастырды. Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай барлық аудан, қалада әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.