Түркістан
EN

Түркістан облысының туристік маусымының ашылуы өтеді

185
15.03.2023

Бүгін «Керуен» сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылуы өтеді. Сондай-ақ «Turkistan» телеарнасының 2 жылдығына орай бағдарлама түсірілімі ұйымдастырылмақ. Одан бөлек,  ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, қымыз ішуден және бауырсақ жеуден жарыстар, туризмге қатысты интерактивті ойындар ұйымдастырылады. Әуе шарлары да ұшырылады деп күтілуде. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысады. Бұл шаралар түскі сағат үште басталып, кешкі сегізге дейін жалғаспақ.