Былтыр Түркістанға 400 мыңға жуық турист саяхаттап келген. Осылайша өңірдегі туризм саласынан түскен пайда 4 миллиард теңгеге жетіпті. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды дейді мамандар. Саяхатшыларды аймаққа тарту үшін туристерге көрсетілген қызмет көлемі 3,9 миллиард теңгені құрап отыр. Биылда өңірімізге туристерді тарту үшін көптеген шаралар жоспарланып жатыр. Соның бірі Отырар өлкесіндегі Шәмші Қалдаяқов музейіне Шәмшінің ізімен деп аталатын туристік маршруттар жүргізілмек. Сондай ақ 15 ші наурыздан бастап туристік маусым ашылып, биылғы жылы туристерге жоспарланған шаралар жарияланады.