Түркістан
EN

"Қауіпсіз балалық шақ" акциясы жалғасуда

116
30.07.2021

Түркістан облысында былтыр 3 бүлдіршін терезеден құлап кеткен. Салдарынан 4 және 8 жастағы бала ауыр жарақат алып ауруханаға түссе, бір  жасар бүлдіршін оқиға орнында мерт болған. Биыл жыл басынан бері әзірге мұндай жағдай тіркелмеген. Аптап ыстықта терезені ашпай отыру мүмкін емес. Алайда, апат айтып келмейді. Сондықтан осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан қалалық төтенше жағдайлар қызметкерлері адам көп шоғырланған аудандағы 5 пәтердің терезесіне  қорғаныс құрылғыларын орнатты. Онда көпбалалы отбасылар тұрады. «Қайырымды балалық шақ» деп аталатын акция әлі жалғасуда. Соңғы 5 жылда елімізде терезеден құлап кеткен балалар саны көбейген. Оған себеп ата-ананың баласын қарусыз қалдыруы дейді мамандар. Жалпы, жыл басынан бері осындай себеппен 41 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.