Түркия мен Қазақстан арасында сауда-саттық көлемі жыл санап артып келеді. Соның арқасында бауырлас елдер арасындағы тауар айналымы былтыр 1,5 млрд доллорға жеткен. Ел экономикасын көтеремін деп дүниежүзілік нарыққа шыққан қазақстандық кәсіпкерлерге Анадолыда барлық жағдай жасалған. Тіпті оларға заңды көмек көрсететін бірнеше орталықтар бар. Соның бірімен әріптесім Алтынбек Әмит танысып қайтты.