Ұлы даламыздың тұмса табиғаты жасырған тарихи қорғандар көп-ақ. Соның бірі де бірегейі – құпияға толы «Берел» қорғаны. Еліміздің шығысында орналасқан сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекенде әлі күнге дейін көне заттар сақталып келеді. Ондағы 200-ге жуық жәдігер бүгін Түркістандық тұрғындардың назарына ұсынылды.