Бүгін - Амал мерекесі. Бұл күні өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылып, адамдар бір біріне амандық тілейді. Дәстүр бойынша маңғыстаулықтар Отпан таудың басына жиналып, бірлік отын жақты. Биылғы шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Көрші елдерден қонақтар келіп, мерекеге қатысты. Тарихи кешендегі амал тойы туралы толығырақ келесі сюжетте.