Түркістан
EN

Сарыағаш ауданында 230 келілік қой рекордтар кітабына енді

76
14.03.2023

Сарыағаш ауданында 230 келілік қой рекордтар кітабына енді. 4 жасар "Миллион" атты қошқар еліміздегі ең ірі салмақтағы қой ретінде тіркелді. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов хабарлады. Бұл үшін Астанадан арнайы маман келіп, таразының дұрыстығына дейін арнайы тексерген.  Қошқар иесі - Қуаныш Мықтыбаев. Шаруа қожалығының иесі ТМД мен дүние жүзі бойынша да бұл үлкен рекордтық жетістік екенін айтады.