Шардаралық өрендер арасында өнер фестивалі өтті. Наурыз мерекесі қарсаңында өткен шарада жас таланттар түрлі бағытта көпшілікті өнерімен тәнті етті. Мың бұралған бишілер сахнаның шырайын ашса, күміс көмей әншілер құйқылжыта ән салды. Айта кетейік, өнер фестивалінің жоғарғы деңгейде өтуіне жергілікті адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйытқы болған.