Гаджеттер балалардың психикасын бұзуда. Түркістандық мамандар өңірімізде психологтардың көмегіне мұқтаж балалардың саны артып жатыр деп дабыл қағуда. Тіпті, телефонға тәуелді бүлдіршіндердің көру қабілеті нашарлап, мінез-құлқы да өзгеріп жатқанын айтады. Электроникалық құралдардан бөлінетін радиотолқындар адам денсаулығына аса қауіпті дейді, - мамандар.