Түркістандық ақсақал Мекке қаласына 5 жарым айда жаяу барған. Қажылыққа адымдап баруды мақсат тұтқан қария бұл шешімді 55 жасында қабылдапты. Ұзақ жол барысында ақсақал біршама кедергілерге де кезігіпті. Парызын өтеу үшін жаяу жол жүрген азаматпен тілшіміз Бақдәулет Қанатұлы сұхбаттасып қайтты.