Жемқорлықпен күреске мешіт имамдары да атсалысады. Бұдан былай мешіттерде дін қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыз-насихат жүргізетін болады. Осы мақсатта дінтанушылар арнайы оқу курстарынан өтті. Басты мақсат - өңірдің қоғамдық-саяси және діни ақуалды тұрақтандырудағы дінтанушы теологтардың рөлін айқындау. Оқыту курсында бiлiктi, тәжiрибелі мамандар дәрiс берiп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.