6 мамыр күні Түркия Республикасы Анталия қаласында Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті өтпек. «Stranger» тақырыбын арқау еткен гострольдік сапары Армения, Түркия Республикасында ұйымдастырылды деп күтілуде. Идея авторларының сөзінше, концерттік бағдарламада күн мен түн жарық пен қараңғылықтың мәңгілік айқасы көрсетілмек. Музыкалық мереке қарсаңында Стамбулдық Димаш жанкүйерлері бас қосты. Қазақ әншісінің үніне ғашық болғандар қазақ тілінде ән шырқап, өнер адамының өмірімен танысты.