Түркістан
EN

Түркияда “дельта” штамын жұқтырғандар көбейіп барады

32
29.07.2021

Түркияда соңғы күндері коронавирустың «дельта» штамын жұқтырғандары саны күрт көбейді. Бұған негізгі себеп Құрбан айт мейрамына орай берілген 9 күндік демалыс дейді мамандар. Халық мереке күндері сақтық шараларына мән бермей, қоғамдық орындар мен жабық ғимараттарда топталып жиналуы вирустың тез жайылуына мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сай соңғы бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 19 мың 761 адамға жеткен. Бұл осыдан екі апта бұрынғы көрсеткіштен 5 есе артық. Түркияда қазір вакциналау қауырт жүріп жатыр. Дегенмен әлі де болса қоғамдық иммунитет қалыптасатындай дәрежеге жетпеген. Бүгінге дейін екпенің бірінші компонентін алғандар 40 млн болса, екінші дозасын алғандар саны 24 млннан асқан. Денсаулық сақтау саласы мамандары вирустың таралуын ауыздықтап, халықты екпе алуға ынталандыру үшін қоғамдық орындарға тек вакцина паспортымен кіргізу қажет деген ұсыныс жасап отыр. Бұл мәселе келер аптадағы үкімет отырысында жан-жақты қарастырылмақ.