Таразда полиция қызметкері газбен уланған отбасының бірден 5 мүшесін ажалдан арашалап қалды. Үйдің 8 жастағы баласы мектепке келмей қалады. Себебін анықтау үшін, учаскелік полиция инспекторы мен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушының үйіне келеді. Алайда қақпаны ешкім ашпайды. Тәртіп сақшысы амалын тауып, терезеге жақындағанда еденде жатқан баланы көрген. Дереу терезені сындырып ішке кіріп, ес-түссіз жатқан отбасының 5 мүшесін сыртқа алып шығады. Дәл қазір отбасы мүшелерінің жағдайы қалыпты, ауруханада ем алып жатыр.