Түркістан
EN

Шымкентте жеке үйлердің бірінен ерлі-зайыптылар өлі күйінде табылды

66
09.03.2023

Шымкентте жеке үйлердің бірінен ерлі-зайыптылар өлі күйінде табылды. Қайғылы оқиға 7 наурыз күні кешке болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы ер адам мен әйел көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған.   Оқиға орнында жедел топ газ құрылғыларын орнатудың бұзылуын анықтаған. Сондай-ақ желдету құбыры да болмапты. Газбен қамтамасыз ету мекемесінің мәліметінше, бұл Шымкентте наурыз айының басынан бергі үшінші қайғылы оқиға, барлығы төрт адам қайтыс болған.