Бәйдібек ауданында инсульт орталығы ашылды. Енді аудан тұрғындары ем іздеп, облыс орталығына сабылмайды. Бұл жерде орталық жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан және инсульт алған науқастарға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Орталықта ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетуде. Заманауи аппарат адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді.