Түркістан
EN

8 наурызға орай 58 323 көпбалалы анаға бір реттік жәрдемақы берілді

332
09.03.2023

Түркістан облысында 8 наурызға орай 58 323 көпбалалы анаға бір реттік жәрдемақы берілді. Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автоматты түрде аударылады. Айта кетсек, аймақта барлығы 176 735 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 15076 ана "Алтын алқа" алқасымен, 43247 ана "Күміс алқа" алқасымен марапатталған. Сонымен қатар "Ана Даңқы" орденімен 3847, «Батыр ана» орденімен 2528 және төрт және одан да көп баласы бар 112037 ана тіркелген.