Түркістанда «Тармақтар» кітабының таныстырылым кеші өтті. Бұл жоба ең алғаш қазақ әдебиетіндегі эстетикалық шығармалардың тармағын әлеуметтік желіде жариялаумен басталған. Бүгінде ақын-жазушылардың шығармаларындағы ең өтімді тармақтарын жинақтап кітап шығарып отыр. Ұйымдастырушылар Еламан Төлеутай мен Рысгүл Досжанова. Поэзия кешіне еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысқан. Дүйім жұрттың жүрегін жаулаған бұл кештің ерекшелігі не де?! Толығырақ тілші тарқатсын.