Түркістан
EN

Қазақстанда балағат сөз айтқандарға қолданылатын жаза күшейтілді

93
07.03.2023

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындарға жағымсыз жаңалық.  Өйткені бүгіннен бастап балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейді. Қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер бүгіннен бастап күшіне енеді.  Жаңа түзету бойынша айыппұл 20 АЕК яғни 69 000 теңге, ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін ұзартылды.