Аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. 24 ақпан күні Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыстанды өзенінде жергілікті тұрғын жоғалып кеткен болатын. Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған еді. Іздеу 10 күннен астам уақытқа созылды. Үздіксіз және жан-жақты іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6-наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.