«Тазалық – табалдырықтан басталады». Келес ауданында осындай ұранмен жаппай абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Көгалдандыру науқанына аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Игілікті шара аясында саябақтар мен білім беру ғимараттарының ауласына климатқа бейім ағаштардың 15 түрі отырғызылды. Жас шыбықтарды суғару үшін көше бойына арнайы қондырғылар да орнатылады.