Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Сайрам ауданының жұртшылығымен жүздесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ауданда былтыр 2074 жаңа жұмыс орны ашылып, 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі едәуір артып, 39,5 млрд теңгеге жетіпті.