Түркістан
EN

Баланы құтқарған “батыр” зейнеткер

154
29.07.2021

Ресейде зейнеткер терезеден құлаған бүлдіршінді қағып алып, құтқарып қалды. Новокузнецк қаласында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Светлана Санарова көшеде келе жатып, терезеден кішкентай баланың құлайын деп тұрғанын көреді. Сосын қолындағы сөмкелерін тастай салып, бүлдіршінді қағып алады. Абырой болғанда, бала кішігірім жарақаттармен ғана құтылған. Оқиға болған сәтте, баланың ата-аналары үйде болғаны анықталды. Светлана Санарова бүлдіршінді құтқарғаннан кейін, оны ата-анасына табыстап, ары қарай кете барған. Абдырап қалған, ата-ана, құтқарушының атын да сұрамаған. Батыр зейнеткерді бүкіл Новокузнецк, тәртіп сақшыларымен бірге іздеп тауыпты. Қаланың полиция басқармасы Светлана Санароваға алғыс хат, джаз-клубқа шақырту мен гүл шоқтарын сыйға тартты.