Жылыту маусымы басталғалы Түркістан облысында 185 өрт болған. Салдарынан 3 адам көз жұмды. Басты себептердің бірі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сонымен қатар 12 адам иісті газдан уланып қайтыс болған. Орны толмас өкініштердің алдын-алу мақсатында төтеншеліктер мен газ саласының мамандары жеке тұрғын үй секторларын аралап, қауіптің алдын алудың жолдарын түсіндірді.