Жағымды жаңалық! Алғаш рет Түркістан облысының орталығында қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Жуырда климаты жылы рухани астанамызда мұз сарайы ашылады.Қазір мұз айдынына керекті құрал-жабдықтар алынып жатыр. Пайдалануға берілсе, қысқы спорт түрлерінен үйірмелер ашылады. Сонымен қатар, облыс орталығында бәсекеге қабілетті білім ұяларының бой көтеруіне айрықша басымдық берілуде. Ол үшін 700 орынды Дарын мектеп интернаты да салынып жатыр. Түркістандағы жаңа құрылыс жұмыстарының барысымен әріптесім Жандос Тастемір танысып қайттты.