Шымкенттің қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеу айғай-шуға ұласып жатыр. Үшінші мегаполистің автобустары кешелі бері кондукторсыз қалған еді. Бір сәтте жұмысынан айрылған 1000-ға жуық адамның тірлігі енді көлік жүргізушілеріне артылды. Амалдың жоғынан бұған да көндік деген қызметкерлер халықтың бұл жаңашылдыққа дайын еместігін айтады.