Түркістан
EN

Азық-түлік арзандауы мүмкін

127
03.03.2023

Алдағы 2-3 айда елімізде тауар арзандауы мүмкін. Сенат отырысынан соң журналистердің сауалына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Оған себеп доллар бағамының төмендеуі. Еске салайық, Қазақстанда импорттық тауарлар ғана емес, әлеуметтік маңызы бар өнімдер де қымбаттаған еді. Өткен айда Ұлттық статистика бюросы жылдық өсімнің 23,6 пайызды құрағанын хабарлаған болатын.