АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында оқушылар коронавирусқа қарсы егіле бастады. Оған шаһарда дельта штамның ушығуы себеп болған. Аурудың алдын алу мақсатында оқу орындарында маска тағып жүру тәртібіне өзгеріс енгізді. Жаңа талапқа сай препаратты салдырмаған азаматтар жабық ғимараттарда маска тағып жүруі тиіс. Алғашқылардың бірі болып Бронкс қаласындағы он алты жасар орта мектеп оқушысы Ариэль Куэрода да екпе қабылдады. Ол вакцинаның қауіпсіз, әрі адам өміріне зияны жоқ екенін дәлелдеу үшін осындай қадамға барған. Pfizer преппаратын салдырған жасөспірім өзінің жақсы сезініп тұрғанын айтты.