Еңбек кітапшасында тек қана бір мөр бар. Түркістан қаласының тұрғыны Замира Байқоңырова 30 жылдан бері салық органдарында қызмет етіп келеді. Мемлекет бюджетін толықтыруға үлес қосып жүрген білікті маман 7 баланың анасы. Үй шаруасы, бала тәрбиесі мен қиындығы мол қызметті қатар алып жүрген жан жайлы тілші материалында.