Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша былтыр әлемде қызылша ауруын жұқтырудың 155 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Биыл бұл ауру Украина, Қырғызстан, Ресей Федерациясында байқалады. Өңір эпидемиологтары көші-қон факторларын ескере отырып, тұрғындарға бұл вирустық инфекцияның қауіптілігін ескертті. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды екен. Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит, ауыр диарея және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының дерті жатады. Дәл қазір өңірде бұл вирусты жұқтырғандар жоқ. Бірақ елімізде қызылшамен ауырып жатқан науқастар саны 10-нан асты.