Түркістан
EN

"Қазақстан мұғалімі" жобасы жүзеге аспақ

85
29.07.2021

Еліміздің ең үздік мұғаліміне 10 мың доллар беріледі. «Қазақстан мұғалімі» конкурсын өткізу Білім Министрлігі тарапынан қолдау тапты. ЖаҺандық «Әлем мұғалімі» жобасы аясында өтетін бұл байқау туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство өкілі Жомарт Қарамбаев мәлімдеді. Осы ретте тіпті әлемдік жобамен өзара меморандумға қол қойылса керек. Әр өңірдің үздік ұстаздары арасында өтетін жыл сайынғы жобаға  1,2 млн теңге мөлшерінде 30 шағын грант бөлінбек. Олар конкурсқа қатысушы педагогтардың ауылдық мектептер мен шалғай аудандарды жан-жақты дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталады.