Түркияның көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендерестің ескерткіші Түркістанда еңсе тіктеді. 10 жыл Түркия мемлекетінің басшысы болған тұлғаны ұлықтау шарасына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректор өкілі Пеями Баттал бастаған зиялы қауым өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойды.