Басты ұстаным — ашықтық пен жариялылық. Бүгін Түркістан облысында мектеп пен колледж директорларын тағайындау конкурсы тікелей эфирде өтті. Байқаудың «Әңгімелесу» кезеңіне барлығы 26 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Арнайы құрылған комиссия болашақ басшылардың біліктілігіне, парасаттылығына, адами болмысына әділ баға беріп, бос лауазымға лайықтыларды іріктеді.