Кентауда жылда қыс ортасында жарылып, жұртты әбігерге салатын жылу электр орталығы жаңғыртылмақ. Кеңес заманында салынған нысан осы уақытқа дейін ескі жабдықтармен жұмыс істеп келген еді. Енді магистралдық құбырлар мен 4 насос станциялары жаңарады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Модернизация барысында ең басты талап – сапа. Сонымен бірге өңір басшысына 6 қазандық пен турбогенераторды жаңалау жоспары таныстырылды. Ауқымды жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі қайта құру жұмыстары алдағы жылыту маусымына қарсы аяқтауды көздеп отыр.