Жапония астанасы Токиоға қуатты «Непартак» тайфуны келе жатыр. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты жарыстар кестесіне өзгерістер енді. Болжам бойынша, дүйсенбіден сейсенбіге қараған күні Хонсюдің шығысында, соның ішінде Токиода 100-ден 155 мм-ге дейін жауын жауады. Бұл ауданда толқынның биіктігі 6-дан 8 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Жойқын дауыл ел астанасынан оңтүстікке қарай орналасқан Огасавара аралдарында соғып тұр. Орталық бөлігіндегі желдің екпіні 20 метр секундқа дейін жеткен. Ал, Хонсюге жақындағанда желдің күші артып, 35 метр секундқа дейін жетуі мүмкін.