Сүт бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады. Яғни бір жылда 33% пайызға бір-ақ өскен. Дегенмен отандық нарықты сапалы өніммен қамтып отырған зауыттар бар. Мәселен Жетісай ауданында тәулігіне 30 тонна сүт өңдеуге қауқарлы цех жұмыс істейді. Аграрлық ауданда бау-бақшамен қатар, сүт өнімін өңдеуге бетбұрған бастама әлеуметтің әлеуетіне айтарлықтай оң әсерін тигізген.