Түркістан
EN

Түркістан облысында жоғалған аңшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

64
28.02.2023

Аң аулауға шыққан екі азаматтың бірі  жоғалып кетті.  4 күннен бері  іздеу жұмыстары жүруде. Алайда, еш нәтиже жоқ.  Ол 24 ақпан күні серігінен Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің жағалауында қамыс алқабында адасып қалған. Төтеншеліктер квадрокоптермен  40 шақырым аумақты шолып шықты.  Әзірге хабар жоқ. Іздеу шараларына  құтқарушылар, жергілікті тұрғындармен атқарушы органдардан 130 адам, 5 техника  жұмылдырылған.Іздеу жұмыстары бүгінде жалғасып жатыр. Айта кетейік, аумақта байланыс та нашар.