Түркістан
EN

Жаңа Қазақстандағы 177 ауыл интернетсіз отыр

141
27.02.2023

«Ауылдық аймақтарда байланыс пен интернет сапасы нашар. Әрбір ауданға барған кезде тұрғындар осы мәселені сұрақ ретінде көтереді. Облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту және қауіпсіздігін бақылау мақсатындағы жұмыстар төмен деңгейде. Әсіресе мектептерде бұл бағыт жүйеленбеуде». Осылай деген облыс әкімі Дархан Сатыбалды аймақты цифрландыру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, аталған саладағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.